Қызылорда қаласы, Камалов көшесі №39А мекенжайында орналасқан «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәнінің мұғалімі, Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және мектеп тәлімгері бос орындарына конкурс жариялайды.

Информатика пәнінің мұғалімі бойынша:

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Информатика пәні бойынша бойынша арнаулы орта, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі болуы тиіс. Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Лауазымдық міндеттері:

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

Білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;

Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

Пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

Бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;

Журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;

Оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

Оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;

Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

Оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;

Арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

Интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

Аата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;

Ата-аналарға кеңес береді;

Кәсіби құзыреттілікті арттырады;

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

Оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

Педагогика мен психология;

Пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;

Педагогикалық этиканың нормалары;

Медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;

Оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;

Құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;

Еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

          Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 150000 - 200000 теңге аралығы (экологиялық коэффициентті қоспағанда).

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары бойынша:

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

     Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының лауазымы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының лауазымдық міндеттері:

      тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;

      аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;

      тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;

      педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;

      білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;

      психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;

      мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

      білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;

      тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

      киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);

      білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;

      кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;

      есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;

      ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;

      мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;

      "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;

      адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "өзін-өзі тану" пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;

      білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;

      педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;

      білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;

      туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;

      білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

      білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      педагогика және психология негіздері;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 240000 - 260000 теңге аралығы (экологиялық коэффициентті қоспағанда).

 

Мектеп тәлімгері бойынша:

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мектеп тәлімгері лауазымы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

       Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог-модератор":

      "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      балалармен жеке және топтық жұмысты дербес ұйымдастыру;

      2) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      балалармен диагностикалық жұмыстың ұйымдастырушылық нысандарын пайдалану, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларына ие болу, өткізілетін тәрбиелік іс - шараларды талдау әдістерін пайдалану, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалану;

      3) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын пайдалану;

      4) "педагог-шебер":

      "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын пайдалану;

      облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы.

Мектеп тәлімгерінің лауазымдық міндеттері:

      балалар қоғамдық ұйымдарының, "Жас қыран", "Жас ұлан" бірлестіктерінің, дебаттың, мектеп парламентінің қызметін дамытуға ықпал етеді;

      білім алушыларға олардың бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді;

      балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жұмысты жүзеге асырады;

      ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады;

      балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп тұрған ұйымдар, бірлестіктер туралы кеңінен ақпараттандыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;

      білім алушыларға азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды;

      білім беру ұйымдарында мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын, балалардың танымдық бос уақытын ұйымдастыруға көмек көрсетеді;

      балалар мен жастар ұйымдарын, пікірталастарды, оқушылардың өзін-өзі басқаруын, мектеп немесе студенттік парламенттерді, еріктілер қозғалысын ұйымдастырады;

      білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды;

      каникул кезінде олардың демалысын ұйымдастырады;

      білім алушылармен инновациялық жұмыс тәжірибесін зерделейді және пайдаланады;

      "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;

      балалар ұйымдарының, бірлестіктерінің бастапқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыларын) іріктеу және даярлау бойынша жұмысты жүргізеді;

      өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын адамдармен тығыз байланыста жұмыс істейді;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      педагогика және психология, физиология, гигиена, балалар қозғалысының даму заңдылықтары мен үрдістері;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      тынығу қызметін, демалысты, ойын-сауықты ұйымдастыру әдістемесі;

      еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 190000 - 230000 теңге аралығы (экологиялық коэффициентті қоспағанда).

 

         Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар:

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (CertificateinEnglishLanguageTeachingtoAdults. Cambridge) passa; Delta (DiplomainEnglishLanguageTeachingtoAdults) Passandabove немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде (2023 жылғы 14 желтоқсан сағ. 18.00-ге дейін) «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады.

Конкурс 2023 жылғы 22 желтоқсан күні «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізіледі

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын лауазымдық міндеттері мен біліктілік талаптары туралы қосымша анықтаманы «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады. Тел. 8(7242)24-25-71, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

     

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымдарға тағайындау,
лауазымдардан босату
қағидаларына
10-қосымша

 

Нысан

 

____________________________
Конкурс жариялаған
мемлекеттік орган

       _______________________________________________________________

       (үміткердің Т.А.Ә. (бар болса)), ЖСН

       _______________________________________________________________

       (лауазымы, жұмыс орны)

       _______________________________________________________________

       _______________________________________________________________

      Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны

Өтініш

       Мені бос/уақытша бос лауазымдық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын

       (қажетінің астын сызыңыз)

       _______________________________________________________________

      білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)

       Қазіргі уақытта жұмыс істеймін

       _______________________________________________________________

      білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)

      Өзім туралы келесіні хабарлаймын:

      Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін

Оқу орнының атауы

Оқыту кезеңі

Диплом бойынша мамандық

 

 

 

 

 

 

      Біліктілік санатының болуы (беру (растау) күні):

      _____________________________________________________________

      Педагогикалық жұмыс өтілі: ____________________________________

      Келесі жұмыс нәтижелері бар:___________________________________

      Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)

 

     

      ____________________________________________________________

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
Қағидаларына
11-қосымша

 

Нысан

 Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы  ___________________________________________________  (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Өлшемшарттар

Растайтын құжат

Балл сандары

(1-ден 20-ға дейін)

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

Техникалық және кәсіби = 1 балл

Жоғары күндізгі = 2 балл

Жоғары күндізгі үздік= 3 балл

Магистр = 5 балл

Жоғары сыртқы/қашықтан = минус 2 балл

2.

 Ғылыми/академиялық дәрежесі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

PHD-доктор = 10 балл

Ғылыми доктор = 10 балл

Ғылыми кандидат = 10 балл

3.

 Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау

Сертификат

"Педагог" Біліктілік санаты - 5 балл

4.

 Біліктілік санаты

Жеке куәлік, басқа құжат

Екінші санат = 1 балл

Бірінші санат = 2 балл

Жоғары санат = 3 балл

Педагог-модератор = 3 балл

Педагог-сарапшы = 5 балл

Педагог-зерттеуші = 7 балл

Педагог-шебер = 10 балл

5.

 Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі

Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат

Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл

Директордың орынбасары (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 3 балл

директор (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 5 балл

6.

Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін

Білімі туралы дипломның қосымшасы

Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері "өте жақсы" = 1 балл

"жақсы" = 0,5 балл

7.

 Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат

Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды)

Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл

Теріс ұсыныс хатының болуы = минус 3 балл

8.

 Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері

- дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары;

- дипломдар, мұғалімнің олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздарының грамоталары;

- мемлекеттік награда

 1) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл

ғылыми жобалардың = 1 балл

2) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары - 3 балл "Үздік педагог" конкурсына қатысушы = 1 балл

"Үздік педагог" конкурсының жеңімпазы = 5 балл

"Қазақстан еңбек сіңірген ұстазы" медаль иегері = 10 балл

9.

Әдістемелік қызметі

-авторлық шығармалары, басылымдары

ҚР БҒМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл

РОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2 балл

БҒССҚЕК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы - 3 балл

10.

 Қоғамдық-педагогикалық қызметі

 Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат

тәлімгер = 0,5 балл

ӘБ басшылығы = 2 балл

Екі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 балл

шетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл,

үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл

11.

Курсқа дайындық

- пәндік дайындық сертификаттары;

 - цифрлық сауаттылық,

 КАЗТЕСТ,

 IELTS;

 TOEFL;

DELF сертификаттары;

Goethe Zertifikat, "Python тілінде бағдарламалау негіздері" программалары бойынша оқыту, "Microsoft"

Курсера жұмыстарына оқыту

Халықаралық курстар:

 TEFL Cambridge

"CELTA

(Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)"

CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary)

DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages)

CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary)

"TKT

Teaching Knowledge Test"

Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)

Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL)

"TESOL"

Certificate in teaching English for young learners

International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC)

IHCYLT - International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers

Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development

Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching

Online Teaching for Educators: Development and Delivery

Educational Management

Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers

Курсы на платформе Coursera, Futute learn

Teaching Mathematics with Technology

Special Educational Needs

"Developing expertise in teaching chemistry "

ПШО, НЗМ, "Өрлеу" курстары

= 0,5 балл

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына сәйкес тізбеге енгізілген біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30068 болып тіркелген)

= 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке)

12.

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, "Дипломмен ауылға!", "Серпін" мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог

Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты

3 балл қосылады

Барлығы: