КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қызылорда облысы әкімдігінің «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызылорда қаласы, Камалов көшесі №39А мекенжайында орналасқан «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пәні мұғалімі бос орнына конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Тиісті бейін бойынша арнаулы орта, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі болуы тиіс. Жұмыс өтіліне талап қойылмайды

Лауазымдық міндеттері:

Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес және «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленушінің тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.

Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.

Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды.

Электронды журналды толтырады.

Жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.

Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарымен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырысына қатысады.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.

Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.

Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.

Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.

Білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізіледі.

Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психологияны, пәнді оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін, оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 100000 - 150000 теңге аралығы (экологиялық коэффициентті қоспағанда).

Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде (2022 жылғы 27 қазан сағ. 18.00-ге дейін) «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады.

Конкурс 2022 жылғы 03 қараша күні «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізіледі

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын лауазымдық міндеттері мен біліктілік талаптары туралы қосымша анықтаманы «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады. Тел. 8(7242)24-25-71, mektep_10@mail.ru.

 

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
10-қосымша

 

Нысан

 

___________________________

конкурс жариялаған мемлекеттік
орган

_______________________________________________________________

кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН

_______________________________________________________________

(лауазымы, жұмыс орны)

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны

Өтініш

Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)

_______________________________________________________________

білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

Қазіргі уақытта жұмыс істеймін

_______________________________________________________________

лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі

 

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандығы

   

 

Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):____________________________
Педагогикалық жұмыс өтілі:________________________________________________
Келесі жұмыс нәтижелерім бар:_____________________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда)
_____________________________________________ 

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
11-қосымша

 

Нысан

Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы ____________________________________________________________  (Т.Ә.А. (болған жағдайда))

Өлшем шарттар

Растайтын құжат

Балл саны

(1-ден 20-ға дейін)

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы диплом

Техникалық және кәсіптік = 1

Жоғары күндізгі = 5

Жоғары сырттай / қашықтықтан оқыту = 2

Жоғары білім туралы үздік диплом = 7

2.

Ғылыми / академиялық дәрежесі

Білімі туралы диплом

Магистр немесе жоғары білімі бар маман = 5

PHD-докторы = 10

Ғылымдокторы = 10

Ғылым кандидаты = 10

 

Ұлттық біліктілік тестілеуі

Сертификат

"Педагог" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60-қа дейін = 0 балл

60-тан 70-ке дейін = 2 балл

70-тен 80-ге дейін = 5 балл

80-нен 90-ға дейін = 6 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40-қа дейін = 0 балл

40-тан 50-ге дейін = 1 балл

50-ден 60-қа дейін = 2 балл

60-тан 70-ке дейін = 3 балл

"Педагог-модератор" біліктіліксанатымен

Мазмұныбойынша:

50-ден 60 балға дейін = 0 балл

60-тан 70 балға дейін = 3 балл

70-тен 80 балға дейін=6 балл

80-ден 90 балға дейін=7 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40 балға дейін=0 балл

40-тан 50 балға дейін=2 балл

50-ден 60 балға дейін=3 балл

60-тан 70 балға дейін=4 балл

"Педагог-сарапшы" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60 балға дейін=0 балл

60-тан 70 балға дейін=4 балл

70-тен 80 балға дейін=7 балл

80-нен 90 балға дейін=8 балл

Әдістемежәне педагогика бойынша:

30-дан 40 балға дейін=0 балл

40-тан 50 балға дейін=3 балл

50-ден 60 балға дейін=4 балл

60-тан 70 балға дейін=5 балл

"Педагог-зерттеуші" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60 балға дейін=0 балл

60-тан 70 балға дейін- 5 балл

70-тен 80 балға дейін=8 балл

80-нен 90 балға дейін=9 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40 балға дейін=0 балл

40 - тан 50 балға дейін=4 балл

50-ден 60 балға дейін=5 балл

60-тан 70 балға дейін=6 балл

"Педагог-шебер" біліктілік санатымен - 10 балл

3.

Біліктілігі/Санаты.

Куәлік, өзге де құжат

2 санат-1 балл

1 санат -2 балл

Жоғары санатты-3 балл

Педагог-модератор-3 балл

Педагог-сарапшы = 5 балл

Педагог- зерттеуші = 7 балл

Педагог-шебер = 10 балл

4.

Педагогикалыққызметөтілі

еңбеккітапшасы / еңбекқызметіналмастыратынқұжат

1 жылдан 3 жылға дейін = 1

3 жылдан 5 жылға дейін = 1,5

5 жылдан 10 жылға дейін = 2

10 жылдан және одан артық = 3

5.

Әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесі

Еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

әдіскер= 1 балл

директор орынбасары= 3 балл

директор = 5 балл

6.

Жұмысқа алғаш кіріскен педагогтар үшін

Білім туралы дипломға қосымша

Педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері

"өтежақсы" = 1 балл

"жақсы" = 0,5 балл

7.

Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде)

 Хат

Оң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл

Ұсыныс хат болмаған жағдайда – минус 3 балл

Теріс ұсыныс хаттың болуы = минус 5 балл

8.

Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері

- білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары;

- мұғалімдер мен олимпиадалар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары;

- мемлекеттік награда

олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-0,5 балл

ғылыми жобалар-1 балл

олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-3 балл

"Үздік педагог" конкурсының қатысушысы-1 балл

"Үздік педагог" конкурсының жүлдегері – 5 балл

медаль "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" - 10

9.

Әдістемелік қызмет

- авторлық жұмыстар және жарияланымдар

ҚР БҒМ тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы – 5 балл

РОӘК – 2 тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы

БҒССҚЕК, Scopus – 3 тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы

10

Қоғамдық-педагогикалық қызмет

- көшбасшылық

- көптілділікті жүзеге асыру

тәлімгер-0,5 балл

ӘБ жетекшілігі -1 балл

кәсіби-педагогикалық қауымдастық көшбасшысы – 1 балл

2 тілде оқыту, орыс/қазақ – 2 балл

Шетел/орыс, шетел/қазақ – 3 балл

3 тілде оқыту (қазақ, орыс, шетел) – 5 балл

11

Курстық дайындық

- пәндік дайындық сертификаттары;

- цифрлық сауаттылық сертификаты,

ҚАЗТЕСТ,

 IELTS;

 TOEFL;

DELF;

GoetheZertifikat, "Python-да бағдарламалау негіздері", "Microsoft-пен жұмыс істеуді оқыту" бағдарламалары бойыншаоқыту

НЗМ ПШО, "Өрлеу" курстары

– 0,5 балл

курстар - 0,5 балл (әрқайсысы жеке)

Барлығы:

Максималды балл –