АТА - АНАЛАР НАЗАРЫНА

"Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі 2023-2024 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау, ҰБТ тапсыруда мына жағдайларды ескертеді:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында мектеп қажеттіліктерін өтеу үшін бітіруші 4, 9, 11 сыныптардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынады.

Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тиым салынады.

Бітіруші түлектер «Соңғы қонырау» салтанатын жаңаша форматта, қазіргі талапқа сай тәрбие сағаты түрінде өткізіледі.

Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға кез келген түрдегі сыйлықтарды қабылдауға қатаң түрде тыйым салынады.

Оқушылардың өзен жағасына баруына тыйым салынатындығын ескертеміз.

Қорытынды аттестаттау кезінде әртүрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыруға қатаң түрде тыйым салынады.

 

ҚҰРМЕТТІ АТА - АНА!

Жоғарыда айтылған талаптарды назарға ала отырып, оқушылардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауыңызды өтінеміз.

Сіздердің ұл-қыздарыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру біз үшін абыройлы- МІНДЕТ!

Егер сізді қандай да бір сұрақ мазаласа кез келген уақытта сұрағыңызды тыңдап, жауап беруге дайынмын!

 

Құрметпен, Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп - лицей директоры Макашев Асылбек Бақытбекұлы