"Еркін елдің ертеңі-кемел білім мен ана тілінде" тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің апталығы аясында 6- сыныптар арасында "Алтын қақпа" лингвистикалық ойыны өткізілді. Оқушылар халқымыздың көне заманнан келе жатқан көнерген сөздерін, сөздік қоры бай халқымыздың тұрақты тіркестері мен әр аумақтың өзіне тән диалект сөздерінің мағынасын ашып, білімдерін таразыға салды. Жеңіске жеткен топ "Алтын сандықтың сұрағына жауап беріп, сандықтан шыққан сыйлықтарды өзара үлестіріп алды. Тіл - мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы. Әрбір азамат мәңгілік еліміздің сарқылмас байлығы - ана тілін көзінің қарашығындай сақтап, құрметін арттырса, еліміздің болашағы жарқын болары анық.