1 қыркүйек барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі! Әрбір адамның өміріне қуаныш сыйлаған  бұл күні, еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіріп, әсіресе мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушыларының    ерекше күні.    

Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицей бойынша  2023-2024 оқу жылында  1 сыныпқа қабылданған  197 оқушыға мектеп-лицей директоры Макашев  Асылбек Бақытбекұлы   қадамдарына сәттілік тілеп келген ата-аналар мен оқушыларды, мектеп ұстаздарын  «Білім күнімен» құттықтады.

 Мектеп-лицейдің жеткен жетістіктері мен табыстары, атқарылған жұмыстары туралы қысқаша баяндап, жоғары нәтижеге жетуіне қолдау білдірген барша ата-аналар мен ұстаздарға алғысын білдірді.

Бүлдіршіндер  өлең, тақпақтарын  айтып  қонақтардың қошеметіне бөленді.

Жиын соңында  оқушыларымызды  «Мектебім – мейірім мекені!» тақырыбындағы алғашқы сабақтарына шақырылды