Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицей директоры Асылбек Бақытбекұлы Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мектебіміздің 4 «Е» сынып оқушысы Сыздықова Жанаттың отбасына жаңа жылдық сыйлықтарды табыстады. Оқушымыз Сыздықова Жанат Аяз ата мен Ақшақарға өзінің өлеңдерін оқып, өнерін ортаға салды. Оқушымыздың әжесі Каикбаева Гульнар президентке, қалалық білім бөліміне және №10 мектеп-лицей ұжымына өз алғысын білдірді. Жанаттың отбасына мектеп-лицей директоры өзінің ыстық ықыласын білдіріп, жаңа жылдарымен құттықтады!