Облыстық білім басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мекемесінің Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын  іске асыру бойынша мектептік медиацияны дамыту мақсатында оқушылар арасында ғылыми және әлеуметтік жобалар байқауы болып өтті. 2018 жылдан бері мектебімізде «Жас бітімгер» пилоттық жобасы жүйелі түрде жұмыс жасайды, жобаның жетекшісі, құқық пәнінің мұғалімі Смағұлов Дархан Дәуренбекұлы. Соның нәтижесінде оқушыларымыз жыл сайын қалалық, облыстық жобаларға қатысып жүлделі орындарды иеленіп келеді. Биылғы оқу жылында да «Жас бітімгер» жобасы өз нәтижесін көрсетіп, 11 сынып оқушысы Қанибай Назерке жүделі ІІ орын иеленді. Оқушымызды жеңісімен құттықтаймыз!