Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп - лицейде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ж.Аймауытовтың 135 жылдығына орай "Ақбілек әлемі" атты оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.

Конференция 8 - сыныптар арасында өтті. Оқырмандар өздерінің ұшқыр ойларын өте қызығушылықпен ортаға салып, роман бойынша берілген сұрақтарды толығымен ашты.

Мақсаты: Білім алушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Ақынның "Ақбілек" романындағы қазақ қызы мен әйел тағдырын тану барысында өмірлік тағылымын паш ету және Жүсіпбек Аймауытұлының шығармаларын оқырмандарға насихаттау.