Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп - лицейде 29 ақпан күні «Жаратылыстану пәндерін оқытуда креативті идеялар арқылы оқушылардың ғылыми зерттеушілік қабілеттерін арттыру» тақырыбында облыстық семинар болып өтті.

Семинардың ашылуында мектеп - лицей директоры Асылбек Бақытбекұлы “БиоГум” жобасының таныстырылымын жасады. Жобаның мақсаты мектеп асханасындағы тамақ қалдықтарын және мектеп ауласындағы күзгі жапырақ қалдықтарын пайдалана отырып, органикалық тыңайтқышқа бай биогумусты өндіру және жоба аясында кәсіпкерлік және бизнес бастау жолдарын меңгерту екендігін атап өтті.

Семинарға “Өрлеу” біліктілік арттыру ұлттық орталығы Қызылорда облысы бойынша филиалы директоры Бауыржан Тәжімағанбетұлы , Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Сырым Құрманғазыұлы, Қызылорда қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Орынша Міржақыпқызы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жылыжай шаруашылығының меңгерушісі, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а Самалбек Оразбайұлы қатысты.

Семинар барысында химия, биология пәндерінен ашық сабақтар, тәжірибе алмасу сабақтары және “Өрлеу” біліктілікті арттыру институтының тренері Жанар Рзабекқызы шеберлік сабақ көрсетті.

Семинар соңында қатысушылардан кері байланыс алынып, "БиоГум" жобасын Республика көлемінде өтетін идеялар жобасына қатыстыруға ұсыныс жасалды.