- Бүгін "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Ы. Алтынсарин атындағы №10 мекьеп-лицей ауласын тазалау, көгалдандыру жұмыстарына арналған сенбілік жүргізілді.

- Мақсаты – әрбір тұлғаның бойында экологиялық мәдениетті арттыру, отансүйгіштік, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарды дәріптеу.

- Табиғат – ол біздің ортақ байлы­ғымыз. "Ағаш ексең аялап, басыңа болар саябақ" деп ата бабамыз айтқандай, жасыл желекке оранған әсем мектебімізді гүлдендіре беруге өз үлесімізді қосу азаматтық парызымыз деп білеміз.