Ы. Алтынсарин атындағы #10 мектеп-лицейде "Білімім - Отаныма!" тақырыбында Жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.

Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру, мәдени құндылықтарды баланың бойына сіңіру, жас ұрпақтың бойына жақсы қасиет сіңдіру мақсатында ұйымдастырылған шара. Балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты ҚР Гимнімен басталып, ҚР Оқу - ағарту министрінің Жалпыреспубликаның білім алушыларына құттықтау сөзін бейнероликтен тамашалаумен жалғасты.

Сынып жетекшілерінің ұлттық мүдде, ар - ұят, талап құндылықтарына негізделген жұмыстары өз деңгейінде ұйымдастырылды.

Оқушыларға жазғы уақыттағы қауіпсіздік шаралары, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары жайлы да түсіндірме жұмысы жүргізілді.