Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейде 2024 жылғы
10 қыркүйек «Отбасы күнін» атап өту мақсатында “Отбасылық дәстүрлер: тарихымызды сақтаймыз, болашақты құрамыз” тақырыбында тәрбиелік іс-шаралар ерекше аталып өтті. Апта дәйексөзі: Жанұям -қорғаным, ата-анам - тірегім!
Іс шараның мақсаты: Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу. Cоның бірі отбасының басты қызығы, алтын тіреу-діңгегі – бала. Бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеуден бастап өскенге дейінгі салт-дәстүрлерді дәріптеу. Салт-дәстүрді атадан балаға жеткізу. Отбасындағы дәстүрлерге, даму тарихына қызықтыру.
#біртұтас_тәрбие
#отбасы_күні