Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейінде 1-11 ақпаны аралығында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»  атты онкүндік өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – оқушыларға өзін-өзі тану пәні арқылы рухани тәрбие мен білім беру. Онкүндікте  1-11 сыныптар бойынша «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» тақырыбында бірыңғай өзін-өзі тану сабақтары, тәрбиелік іс-шаралар өтті.

Жас мамандардың ұйымдастыруымен  «Жақсылық жасауға асығамыз» тақырыбында  қайырымдылық көмек беру жұмыстары өтіп, жас мамандар қайырымдылық акциясына белсене қатысты. Акцияда жалғызбасты ана, зейнеткер кісілердің үйіне барып, көмек көрсетіп, қайырымдылық шаралар жасалды.                               

Апталықтың соңында сабақтарға, іс-шараларға белсене қатысып, кеште жақсы өнер көрсеткен оқушылар мектеп-лицей  директоры Асылбек Бақытбекұлының алғысхатымен марапатталды.