«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында биылғы жылы мерейтойлары аталып өткелі отырған Алаш ардақтылары Ж.Аймауытов, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылық жолына арналған 8-9-10 сынып оқушылары арасындағы «BOOK TIME-2024» танымдық сайысы өтті.Сайыстың 1-бөлімінде оқушылар аталған авторлардың кітаптарын өзара талқыласа.2-бөлімінде өмірі мен шығармаларынан құрылған сұрақтарға жауап берді.Шара соңында оқушылар сайыс қорытындысы бойынша I,II,III орындармен марапатталып, 3 оқушы арнайы Алғыс хат иегері атанды

#оқуғақұштармектеп
#қалалықбілімбөлімі