Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейінде "Сымбат" қыздар ұйымының кезекті   жиналысы өткізілді.

Жиналыстың күн тәртібінде:

Мектеп-лицейдің ішкі тәртіп ережесі-/ Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Сералиева/

Зорлық-зомбылық түрлерінің алдын алу,профилактикалық жұмыс /Мектеп инспекторы Н.Жакиев/

Сала мамандарының ақпараттық түсіндірме жұмыстары/ №5 қалалық емхана қызметкерлері, валеологтары, мектеп медбикесі С.Исак/

Психологиялық кеңес /Мектеп психологтары А.Жалгуова,М.Машарапова.

Жиналысқа №5 қалалық емхананың СӨС қалыптастыру орталығының дәрігері -Толқын Мұхамбетқызы,

Облыстық жастар орталығының валеолог мамандары -Гүлназ Мәзқожа,Гүлдана Алмурзаева  шақырылып,қыздарға  жеке бас гигиенасы, репродуктивті денсаулықты сақтау туралы  және салауатты өмір салтын дұрыс  ұстану туралы  ақпараттық түсіндірме жұмыстарын  жүргізіді.

Сонымен  қатар зорлық-зомбылық туралы, қыз балалардың ерте есеюі,физиологиясы мен гигенасы туралы мамандар кеңестерін беріп,жасөспірім қыздар арасындағы  ерте жүктілік және психотропты заттарды тұтынудың зардабы және жауапкершіліктері туралы  түсінідірді.Қазіргі қоғамдағы  қыздар тәрбиесінің   маңыздылығына тоқталып, аналармен сырласу,маман кеңестеріне жүгіну, сонымен қатар  психологтармен жұмыс жасауға шақырды.