Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейде Мектеп парламентінің кезекті шарасы «Қыз сыны сайысы» болып өтті.
Сайыстың мақсаты қыз бойындағы жауапкершілік пен ұқыптылық, ұлттық құндылықтарды өн бойларына жинап, отбасындағы тәрбиені көрсете білу. Аталған шарада 8-9 сынып оқушылары белсенділік танытып, мың бұралған биі мен құлақтан кіріп бойды алатын ән орындап көрерменнің көзайымына айналды.
Сонымен қатар, өз өнерін көрсету бөлімінде қатысушылардың әкелері мен аналары да қатысып белсенділік танытты.
Сайысты «Даналық мектебінің» жетекшісі Жүнісова Мейрамкүл әже, музыка пәнінің мұғалімі , көркем еңбек пәнінің мұғалімі және мектеп президенті қазылық жасады.
Қатысушылар арнайы дипломдар мен номинациялармен марапатталып, Мейрамкүл әже ақ батасын берді