Ы.Алтынсарин атындағы #10мектеп-лицейде 20 қазан күні "Ыбырай-ұлт ұстазы" тақырыбында әдеби кеш өтті.

Шараның мақсаты: Ұлы ағартушының шығармалары арқылы өскелең ұрпаққа адамгершілік пен адалдық қасиеттерін бойларына сіңіру.

Биыл Ұлы ағартушы, қоғам қайраткері, ғалым-этнограф, жазушы, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін салушылардың бірі Алтынсариннің туғанына 182 жыл толды. Біздің еліміздің, халқымыздың көптеген жетістіктерінде ұлы ұстаздың көзге көрінбейтін ізі бар.

Әдеби шарада ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің еңбек жолы мен еңбектерін еске алып, шығармаларынан көрініс қойды.

Оқушылар ұлы ұстаздың адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, мәдениет пен өркениет көшіне ілесуге шақыратын өсиет өлеңдерін жатқа оқыды.