5 қыркүйек «Еркін елдің ертеңі — кемел білім мен ана тілінде» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі апталығының ашылуы өтті. Бүгінгі күннің ерекшелігі — Қазақстан халқы тілдер мерекесі және ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келуі. Ғасырдан-ғасырға жеткен халқымыздың қазынасы — тіліміз, салт-дәстүріміз, әдебиетіміз бен өнеріміз. Тіліне құрмет көрсетіп,оның мәртебесін биіктеткен халықтың ұрпағы мәңгі жасамақ.

«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы — тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы келешек ұрпаққа таныстырылып, ұлттық құндылықтарымыз насихатталды. Ұлттық құндылықтарға байланысты түрлі сұрақтар қойылып, ойындар ұйымдастырылды. Сұрақтарға дұрыс жауап берген ұстаздар мен оқушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды. Тіліміз мәңгі жасасын!