Құрметті әріптестер!

 

 Сіздерді, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен құттықтаймын! Қазақ халқы ежелден бауырмал халық. Тарихи кезеңдерде елімізден пана іздеп келген, өзге ұлт өкілдерін жатсынбай, төрінен орын беріп, бауырына басқан ақ жүрек халық. Сол бауырмалдықтың арқасында еліміз өркендеп қанат жайып, көпұлтты мемлекеттердің біріне айналды. Ал, осы бейбітшілікті, этносаралық үйлесім мен татулықты сақтау - біздің басты міндетіміз. Біздің бірлескен еңбегіміздің арқасында Қазақ елі одан әрі өркендеп өсетіні сөзсіз.

  1 мамыр бірлік күні, ынтымақ күні, татулық күні елімізге тек қана жақсылық алып келсін! Баршаңызды осы айтулы мерекемен құттықтай отырып, жұмыстарыңызға табыс, шаңырақтарыңызға береке тілеймін!

 

Құрметпен, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицей директоры             А.Б.Макашев