Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері!

 

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қуанышқа толы осы күн қазақ жеріндегі барлық ер азаматтардың мерейін үстем еткен, ұрпаққа үлгі болған, тағылымы терең, тарихи күн. Бұл мереке – өшпес ерліктің, қайтпас қайсарлықтың, қажырлы еңбектің ақталып, жеңіс туы желбіреген күн. Осы күн үшін майдан даласында боздақтарымыз жан қиып, отандастарымыз тылда аянбай еңбек етті. Бұл күн – білектің күшімен, ананың көз жасымен келген күн. Бүгінгі ұрпақ өшпес ерліктің үлгісіне айналған сіздерден үлгі алып, болашаққа нық қадам жасайтыны сөзсіз.

Сіздердің осы өлшеусіз еңбектеріңізге алғыс айта отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға амандық тілеймін! Ұлы Жеңістің 77 жылдығы баршамызға құтты болсын!   

 

Құрметпен, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицей директоры А.Б.Макашев