Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейде соңғы қоңырау шарасы болып өтті. Мектеп бітіруші түлектерге ақ тілектерін білдіру және облыс әкімінің құттықтауын жеткізу үшін арнайы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар басқармасының басшысы - Пакуатдин Сражадинұлы және қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Дархан Пірәліұлы келді. Мектеп-лицей директоры – Асылбек Бақытбекұлы да түлектерді бүгінгі қуанышты сәтімен құттықтап, сәт сапар тіледі. Тебіреніске толы іс-шарада оқушыларымыз өздерінің ұстаздарына алғыстарын жеткізіп, соңынан ерген 10 сыныптың үздіктеріне «білім кілтін» зор сеніммен табыстады.

Мектеп бітіруші түлектерімізге сәт сапар тілеп, алтын ұя мектебінен өмір мектебіне басқан қадамдары оң болсын дейміз. Ақ жол, жас түлек!

#Балаларжылы